- Басты бет
- Жаңалықтар
- Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының профессоры Нұртай Торманұлының 85 жас мерейтойына арналған «Биологияны оқытудың формалары мен әдістері: дәстүрлі және заманауи әдістер» атты дөңгелек үстел
Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының профессоры Нұртай Торманұлының 85 жас мерейтойына арналған «Биологияны оқытудың формалары мен әдістері: дәстүрлі және заманауи әдістер» атты дөңгелек үстел

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Биология және биотехнология факультеті
Биофизика, биомедицина және нейроғылым
ШАҚЫРУ
Құрметті әріптестер, студенттер, магистранттар, докторанттар!
Сіздерді Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, б.ғ.к., Нұртай Тормановтың 85 жас мерейтойына арналған
«Биологияны оқытудың формалары, әдістері пәнаралық байланыстары мен заманауи инновациялық тәсілдерін қолдану» атты дөңгелек үстелге шақырамыз!
📅 Өтетін күні: 19 наурыз 2025ж, сағ 12:00
📍 Өтетін орны: 214 аудитория (2 этаж)
Дөңгелек үстел «Биологияны оқытудың формалары, әдістері пәнаралық байланыстары мен заманауи инновациялық тәсілдерін қолдану» тақырыбында өткізіліп, биологияны оқытудағы дәстүрлі және инновациялық тәсілдерді талқылауға арналған пәнаралық пікірталас алаңы ретінде ұйымдастырылады.
Іс-шара барысында шетелдік және қазақстандық ғалымдар білім беру саласындағы озық тәжірибелермен және инновациялық идеялармен алмасып, заманауи педагогикалық әдістердің тиімділігін арттыру жолдарын қарастырады. Дөңгелек үстел әртүрлі ғылыми бағыттағы мамандардың күш-жігерін біріктіре отырып, заманауи биологиялық білім беруді жетілдіруге, ғылым мен практиканың өзара байланысын нығайтуға және жаңа әдістемелік шешімдерді әзірлеуге ықпал етеді.
Ұйымдастыру комитеті
Басқа жаңалықтар

