
Әл-Фараби бабамыздың 1155 жылдығына
арналған
IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФАРАБИ ФОРУМ
Алматы, Қазақстан, 2-11 сәуір 2025 жыл
Құрметті әріптестер!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті халықаралық ұйымдармен, жетекші ғылыми орталықтармен және жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен бірлесіп 2025 жылдың сәуір айының 2-11 аралығында IV Халықаралық Фараби Форум өткізеді.
IV Халықаралық Фараби Форум аясында мемлекет пен тұлғаны, қоғамды дамытудағы мәселелерді шешу үшін шетелдік және қазақстандық ғалымдардың күш-жігерін біріктіруге бағытталған ірі халықаралық ғылыми іс-шаралар өтеді.
«ӘЛ-ФАРАБИДІҢ АДАМЗАТ ТАРИХЫНДАҒЫ РӨЛІ»
атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
2-3 сәуір 2025 ж.
Форум жұмыстарының бағыттары:
• Әл-Фараби және мәдениеттер сұхбаты;
• Әл-Фараби және Абай: рухани мұра үндестігі;
• Әл-Фараби және заманауи қоғам: адам, этика және ғылым;
• Әл-Фараб • Түркі дүниесіндегі интеллектуалды және рухани даму: әл-Фарабидің рөлі мен маңызы және ислам философиясы: дәстүрлер мен жаңашылдық;
Форум аясында келесі конференциялар мен пікірталас алаңдары жұмыс істеп, байқаулар өткізіледі:
I «Аударма өркениет феномені: әл-Фараби мен түркі ғұламаларының мұрасы негізінде» халықаралық ғылыми конференция
II «Әл-Фарабидің философиялық терминологияны қалыптастырудағы рөлі: философия тілі» Пікірталас алаңы;
III «Әл-Фараби және психологиялық ғылым: Қ. Б. Жарықбаев пен қазіргі ғалымдардың еңбектеріндегі дискурс» Пікірталас алаңы;
IV «Әл-Фарабидің қазіргі қоғамдағы саяси идеяларының өзектілігі» Пікірталас алаңы;
V «Әл-Фараби мұрасы және білім берудегі басқарудың жаңа модельдері» Пікірталас алаңы;
VI Ортағасырлық ислам ойшылдығының әлемдік өркениетке қосқан үлесі Пікірталас алаңы;
VII «Дін және әлеуметтік өмір: мәселелер мен перспективалар» Пікірталас алаңы;
VIII «Қазақстандағы дінтанулық білімнің өзекті мәселелері» Пікірталас алаңы;
IX «Қазақ даласының ойшылдары – әлем мұрағаттарындағы арабтілді дереккөзде» Пікірталас алаңы;
X «Мәтін конструкцияларындағы алогикалық және тілді реконструкциялау бағдарлары: лингвистикалық философия негізіндегі талдаулар» Пікірталас алаңы
XI «Өмірмәнділік ой толғамдар» эссе байқауы;
XII «Қазақ философиясының өзектілігі» бейнероликтер байқауы;
XIII «Әл-Фараби және қазақ елінің даму философиясы жөнінде» Кіші Фараби академиясының «Рухани әңгіме» алаңы.
XIV «Әл-Фараби мұраларының құндылығы арқылы бүгінгі жас ұрпақты тәрбиелеу механизмі»
Өткізілетін орны: әл-Фараби ғылыми кітапханасы (4-этаж, конференция залы)
Ұйымдастырушы: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Философия және саясаттану факультеті. Жауапты: Өсербаев Е.Н.,тел. +77001404054, Балтымова М.Р.,тел. +77473667331, Зейнуллин Р.Б., тел. +77082392971, e-mail. farabiforum2025@gmail.com
«Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың
халықаралық ғылыми конференциясы
3-5 сәуір 2025 ж.
Ұйымдастырушы: Ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі департамент. тел. 8 (727) 221-13-92.
2025 жылдың 11-ші сәуірі күні IV Халықаралық Фараби Форумның салтанатты жабылуы рәсімінің аясында студенттер мен жас ғалымдарды түрлі номинациялар бойынша марапаттау, студенттік бизнес инкубаторлардың инновациялық жобаларының байқауы, және «ҚазҰУ-дың үздік жас ғалымы» атты байқау бойынша марапаттау өтеді.
IV Халықаралық Фараби Форум аясында өткізілетін іс-шараларлар жайлы толық ақпаратты ұйымдастырушы-факультеттердің ақпараттық хаттарынан алуға болады.
Халықаралық Фараби Форумды ұйымдастырушылардың мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі департамент.
Жауапты: Абдреш А.Ғ., тел.16-61, e-mail.Abdresh.Akziya@kaznu.kz
Өткізілетін орны:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің факультеттері, жабылу салтанатты әл-Фараби ғылыми кітапханасы 4-этаж, №416 конференц-залында өтеді.
«Қазақ тіл білімінің ғылыми негіздері мен
қолданбалы аспектілері»
халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
8 сәуір 2025 ж.
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ 40 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН
Конференция жұмысының басты бағыттары:
• Лингвистикалық ғылымдағы жаңа бағыттар;
• Қазақ тілін цифрландыру және жаңашылдық;
• Шетел азаматтарын оқытудың өзекті мәселелері.
Өтетін орны: Әл-Фараби кітапханасы, конференц-зал №409.
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті,Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы
Ұйымдастырушылар: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті.
Жауапты тұлғалар: Ибраимова Ж.Т., Әділханова Ж.
Телефон: 8 (707) 760 03 25, 8 (747) 434 72 70.,konferentsiya.2025@mail.ru
ІІІ «Жаһандық өзгерістер жағдайындағы тұрақты экономикалық даму парадигмасы:қиындықтар, салдарлар, мүмкіндіктер»
халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференция
8-9 сәуір 2025 жыл
Конференцияның негізгі бағыттары:
• Қазіргі заманның жаһандық сын-қатерлері және стратегиялық басымдықтар: азық-түлік қауіпсіздігі, цифрландыру және Қазақстанның инклюзивті дамуы;
• Қаржы, есеп және мемлекеттік аудит – қазіргі заманғы сын-қатерлер мен қауіптер жағдайындағы тұрақты экономикалық дамудың негізгі факторлары;
• Менеджмент – дамудың жаңа парадигмасы: сын-қатерлер, қауіптер, шешімдер;
• Тұрақты даму контекстіндегі бизнес-технологияларды трансформациялау: мүмкіндіктер мен перспективалар.
Өтетін орны: Әл-Фараби атындағы кітапхана, № 416 мәжіліс залы, Экономика және бизнес жоғары мектебі.
Ұйымдастырушылар: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Экономика және бизнес жоғары мектебі. Жауапты: Ермекова Ж.Ж.,тел.: 8 (701) 760 88 77 email: zhanna.yermekova@kaznu.edu.kz
«VІIІ Халықаралық журналистика форумы»
9 сәуір 2025 ж.
Форум жұмыстарының бағыттары:
• Жасанды интеллект және цифрлық трансформация
• Креативті индустриядағы жасанды интеллект
• Жасанды интеллект хакатоны
• Жасанды интеллект этикасы және реттеу
• Еңбек нарығының болашағы және жасанды интеллект
Өткізілетін орны: Әл-Фараби кітапханасы, 4-қабат
Ұйымдастырушы: Журналистика факультеті, Жауапты: Альжанова А.Б., тел. 377 33 34 (14-92) e-mail. Aigerim.Alzhanova@kaznu.edu.kz
«Биополимерлер және оларды қолдану мүмкіндіктері»
тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстел
10 сәуір 2025 ж.
Дөңгелек үстел бағдарламасы келесі бағыттар бойынша диалог пен талқылауды қарастырады:
• Қоршаған ортаны қорғау, мұнай өнеркәсібі, био-, нанотехнология, ауыл шаруашылығы және медицина үшін биополимерлер
• Биополимерлердің микробтық өндірісі: синтезі және олардың қасиеттері
• Биополимерлерді дамыту және пайдалану перспективалары
• Дәрілік заттар мен пробиотиктерді жеткізу жүйесіндегі биополимерлер
Өткізілетін орны: Биология және биотехнология факультеті
Ұйымдастырушылар: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, биология және биотехнология факультеті, биотехнология кафедрасы, Жауапты: Омирбекова А.А., тел: +77472537288, e-mail: anel.omirbekova@kaznu.edu.kz
Химия және химиялық технология факультетіндегі Ғылым күні
11 сәуір 2025 ж.
Факультеттің және ғылыми-зерттеу орталықтарының ғылыми бағыттары ұсынылатын болады.
Өткізілетін орны: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Химия және химиялық технология факультеті.
Ұйымдастырушылар: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Химия және химиялық технология факультеті., Жауапты: Дюсебаева М.А., тел:+771 409 5804, e-mail: moldyr.dyusebaeva@kaznu.edu.kz
Басқа жаңалықтар

