ҚазҰУ-дың жас ғалымына пәтер берілдіFarabi University

ҚазҰУ-дың жас ғалымына пәтер берілді

26 ақпан, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы, PhD доктор Айжан Нұғыманова жаңа пәтердің иесі атанды.

Баспана сертификатын ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік стипендия лауреаттарын марапаттау рәсімінде салтанатты түрде табыстады.

Айжан Олжабекқызы – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың және «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі, сондай-ақ «Жас ғалым» жобасының грант иегері. Жас зерттеуші 10 жылдан астам уақыт бойы университетте табанды жұмыс істеп келеді.

«Жас ғалымдардың атынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа өз алғысымды білдіргім келеді. Бізге сеніммен қарап, жаңа пәтердің кілтін табыстап жатыр. Бұл өз кезегінде біз үшін үлкен жауапкершілік жүктейді. Бүгінге дейін өзімнің баспанам болмады. Жалдамалы пәтерде тұрдым. Енді алдағы уақытта өзімнің пәтерімде тұратын боламын. Өте қуаныштымын», – дейді Айжан Нұғыманова.

Қазіргі таңда Айжан Олжабекқызы жылу алмасу процестерін 3D модельдеу бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Ғылыми жоба Қазақстан аумағындағы қазандықтардың жану камерасында төмен сұрыпты отынды жағу кезінде жылу мен масса алмасу процестерін және зиянды заттардың түзілуін анықтауға арналған. Жас зерттеуші Айжан Нұғыманова аталған жоба бойынша Қазақстанда алғашқылардың бірі болып зерттеу үстінде.

Айта кетейік, бұған дейін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 11 жас ғалымы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан  баспана кілтін алған болатын.

 

 

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КеАҚ

Қазақстан Республикасының Президенті атынан пәтер алған жас ғалымдар тізімі:

 

31-мамыр 2024 жыл

Аты-жөні

Факультет/кафедра

1

Ерғали Құрманов

 

Электроника және астрофизика кафедрасы

2

Сәмет Байжұма

 

Философия және саясаттану факультеті

 

28-желоқсан 2024 жыл

Аты-жөні

Факультет/кафедра

1

Амангелді Нұргүл

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы, PhD доктор, аға оқытушы

2

Қуанбай Әйгерім

Биология және биотехнология факультетінің молекулалық биология және генетика кафедрасының аға оқытушысы

3

Курманбаев Олжас

География және табиғатты пайдалану факультеті, картография және геоинформатика кафедрасының аға оқытушысы

4

Мәлік Ажар Мәлікқызы

Биология және биотехнология факультеті, биотехнология кафедрасының аға оқытушысы

5

Раймбекова Жанар

География және табиғатты пайдалану факультеті метеорология және гидрология кафедрасы 

6

Абдуллаева Асель

География және табиғатты пайдалану факультеті, метеорология және гидрология кафедрасы

  

8-ақпан  2025 жыл

Аты-жөні

Факультет/кафедра

1

Қайрат Кеңес

Химия және химиялық технология факультетінің Жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының доценті міндетін атқарушы

2

Тлетай Шолпан

Ақпараттық технологиялар факультетінің Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының аға оқытушысы

3

Камилла Абдильдина

Химия және химиялық технология факультетінің Физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының аға оқытушысы

 

26-ақпан  2025 жыл

Аты-жөні

Факультет/кафедра

1

Нұғыманова Айжан Олжабекқызы

Физика-техникалық факультетінің Жылуфизика және техникалық физика кафедрасының аға оқытушысы PhD

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі