Батталов Назым Нұрланұлы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D04103 – Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Батталов Назым Нұрланұлының «Қазақстан Республикасы жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін басқару» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Экономика және бизнес жоғары мектебіннің «Менеджмент» кафедрасында орындалған.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – орыс тілі.
Ресми рецензенттер:
- Қоңырбеков Медет Жауғаштиұлы - PhD докторы, қауымдастырылған профессор, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының кеңесшісі (Алматы қ., Қазақстан). Мамандығы: “6D051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару”.
- Шамишева Нұргүл Қаршығақызы – экономика ғылымдарының кандидаты, Л. Гумилев атындағы Евразиялық ұлттық университеті «Менеджмент» кафедрасының доценті (Астана қ., Қазақстан). Мамандығы: “08.00.05 - экономика және халық шаруашылығын басқару (қызмет салалары мен ортасы бойынша)”.
Ғылыми жетекшілер:
- Қанғалақова Дана Мұратбекқызы - PhD докторы, қауымдастырылған профессор, ҚР Ғылым және жоғары білім министрілігі Ғылым комитетінің «Экономика институты» РМК бөлім меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан)
- Мухсин Кар - PhD докторы, Йылдырым Беязит Университеті Экономика кафедрасының профессоры, Түркия Республикасы Орталық Банкінің басқару мүшесі (Анкара қ., Түркия Республикасы)
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Ратнер Светлана Валерьевна – экономика ғылымдарының докторы, профессор, П. Лумумба атындағы Ресей Халықтар достастығы университеті Экономика факультетінің профессоры (Мәскеу қ., Ресей)
2. Хасенова Кенжегүл Қалмұратқызы - экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" КЕАҚ "Менеджмент" кафедрасының доцентінің м .а. (Астана қ., Қазақстан)
3. Жамкеева Махаббат Кангожиевна - PhD докторы, «Qazindustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ бас сарапшысы (Астана қ., Қазақстан)
Қорғау 2025 жылы 1 сәуір күні, сағат 15:00-де (Алматы уақыты бойынша, сілтеме төменде келтірілген) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Экономика және бизнес жоғары мектебі, 201 аудиторияда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің жанынан құрылған «8D041-Бизнес және басқару» мамандарын даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн және офлайн) форматта өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/91734070865?pwd=3TLa5ogQ5xYidaWOufJBQQTc5TJ5Lw.1
Идентификаторы: 917 3407 0865
Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы
Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық
Басқа жаңалықтар


