Бекмулдин Максат КуатбековичFarabi University

«8D05302 – Техникалық физика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Максат Куатбекович Бекмулдиннің «Жеңіл сулы ядролық реактордың модельді кориумының Al2O3 - ерітінді қайнаған қорғасын қабаты бар құрбандық материалымен өзара әрекеттесуін эксперименттік модельдеу»  тақырыбындағы ғылыми жұмысы қорғалады. 

Диссертациялық жұмыс Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің техникалық физика және жылуэнергетика кафедрасында орындалған.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс .

Қорғау тілі – орыс тілі.

Ресми рецензенттер:

  1. Кылышканов Манарбек Калымович – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, «Үлбі металлургия зауыты» АҚ ғылыми орталығының бастығы., Усть-Каменогорск, Қазақстан, 01.04.07 – «қатты дене физикасы» мамандығы;
  2. Буйткенов Дастан Болатулы - философия докторы (PhD), «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КеАҚ «Беттік инженерия және трибология» ғылыми зерттеу орталығынының бастығы, Усть-Каменогорск, Қазақстан, «6D060400 – физика» мамандығы.

Ғылыми жетекшілер:

  1.  Скаков Мажын Канапинович – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК бас ғылыми қызметкері, Курчатов, Қазақстан;

 

  1. Бакланов Виктор Владимирович - философия докторы (PhD), Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК «Атом энергиясы институты» филиалы директорының бірінші орынбасары, Курчатов, Қазақстан;
  2. Градобоев Александр Васильевич – техника ғылымдарының докторы, профессор, «Ұлттық зерттеу Томск политехникалық университетінің» эксперименттік физика бөлімінің профессоры, Томск, Ресей.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

  1. Кислицин Сергей Борисович – физика-математика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Ядролық физика институты» РМК қатты дене радиациялық физика бөлімінің бастығы, Алматы, Қазақстан;
  2. Тұрлыбекұлы Аманжол – философия докторы (PhD), «National Laboratory Astana» озық сенсорлар зертханасының аға ғылыми қызметкері, Астана, Қазақстан;
  3. Коровкин Михаил Владимирович – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, «Ұлттық зерттеу Томск мемлекеттік университеті» сапа менеджменті кафедрасының профессоры, Томск, Ресей.

        Диссертацияны қорғау 2025 жылғы 9 сәуірде сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың келесі мамандықтар бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді: 6D060400 (8D05306) – Физика, 6D072300 (8D05303) – Техникалық физика, 6D061100 (8D05307) – Физика және астрономия, 6D071000 (8D07110) – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы, 6D071700 (8D07106) – Жылу энергетикасы, 8D07108 – Электроэнергетика, 8D01501 – Физика, 6D073200, 8D07502 – Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша), 8D05309 – Ядролық медицина. Қорғау әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мекенжайында өтеді: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71.

Гибридті форматта (офлайн/онлайн) түрде өтеді.

Zoom конференциясына қосылу: 

https://zoom.us/j/94013994878?pwd=mGqhGtbq886dQZFaffZtgitiYok5TM.1

Идентификатор: 940 1399 4878

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық