Farabi University
Референдум 15 марта

Конституциялық құндылықтарды дамытуға арналған халықаралық конференция өтеді

26 маусым

F.С.Сапарғалиев атындағы Мемлекет және құқық институты Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетімен бірлесіп «Құқықтық үрдістер, заманауи сын-қатерлер және жаһандық қоғамдық трансформациялар аясында конституциялық құндылықтарды дамытудың жаңа көкжиегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. Алқалы жиын көрнекті ғалым, ғылым мен білім саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан академик F.С.Сапарғалиевтің 95 жылдық мерейтойына арналады.

Тәуелсіздік жарияланған алғашқы күндерден бастап академик Ғ.С.Сапарғалиев Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттілігін қалыптастыру және құқықтық негізін орнықтыру процесіне белсенді түрде атсалысты.

Онлайн және офлайн форматта өтетін конференцияға жетекші ғалымдар, мемлекеттік орган өкілдері, оқытушы-профессорлық құрам, білім алушы жастар мен докторанттар, сондай-ақ Ғайрат Сапарғалиевтің шәкірттері мен серіктестері шақырылады деп күтілуде. Іс-шара барысында қатысушылар өзара тәжірибе мен білім алмасып, ұлттық және халықаралық құқықтың даму кезеңі мен қазіргі ғылымның өзекті мәселелерін талқылау жоспарланған.

Конференция 2025 жылдың 26 маусымында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Фараби кітапханасында өтеді.

Ұйымдастыру комитеті

E-mail: kz_instituta@mail.ru

Басқа хабарландырулар

7 сәуір

ҚазҰУ сарапшылары GeoAI конференциясында озық шешімдерді таныстырады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жетекші мамандары 7 сәуір күні Астана қаласында өтетін Esri Central Asia GeoAI саммитіне қатысады.

10 наурыз

Академиялық ұтқырлық конкурсы жарияланды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2026-2027 оқу жылының күзгі семестрінде ҚР республикалық бюджеті есебінен академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуға конкурс жариялайды. Бұл мүмкіндік бакалавриат студенттеріне арналған.

 

23 қаңтар

Құрметті докторанттар!

Докторанттарға арналған бағдарлау апталығы өтеді.