- Басты бет
- Жаңалықтар
- 1 курс «6В05108-Биомедицина» және 2 курс «6В05119 - Нейроғылым» мамандығының кураторлық сағаты өтті
1 курс «6В05108-Биомедицина» және 2 курс «6В05119 - Нейроғылым» мамандығының кураторлық сағаты өтті
Куратор-эдвайзер Үсіпбек Б.А. және Казакбаева А.Ш. кураторлық топ студенттеріне «8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні» кураторлық сабағын өткізді.
8 Наурыз – әйелдерге құрмет көрсететін халықаралық мереке. Бұл күн әлемнің көптеген елдерінде аналарды, қыздарды, әпке-қарындастарды, әріптестерді және барлық әйелдерді құттықтау дәстүрге айналған.Мереке алғаш рет 1910 жылы Копенгагенде өткен халықаралық конференцияда ұсынылып, кейіннен 1977 жылы БҰҰ ресми түрде мойындады. Қазақстанда бұл күн әйелдердің қоғамдағы рөлін, олардың еңбегі мен еңбексүйгіштігін бағалауға арналған ерекше күн болып саналады.
8 Наурыз – сұлулық, мейірім, аналық махаббат пен нәзіктік мерекесі!
8 Наурыз – әлемнің түкпір-түкпірінде әйелдерге құрмет көрсетілетін ерекше күн. Бұл мереке әйелдердің қоғамдағы рөлін, олардың еңбегін, мейірімі мен махаббатын дәріптейді. Бұл күннің тарихы ХХ ғасырдың басынан бастау алады. Алғаш рет әйелдер өз құқықтары мен тең мүмкіндіктерін талап етіп, шеруге шыққан. Кейіннен 8 Наурыз – әйелдердің құқықтары мен жетістіктерін атап өтетін халықаралық күнге айналды. Бүгінде бұл мереке нәзіктік пен сұлулықтың, аналық мейірім мен сүйіспеншіліктің символына айналған. Бұл күні аналар, әжелер, әпкелер, қыздар мен барлық әйелдерге құрмет көрсетіліп, жылы сөздер мен сыйлықтар арналады.
Әйел затының міндеті – сырттай қарағанда «отбасы, ошақ қасы» секілді қарапайым көрінгенімен, нақтырақ зер салсақ, үй ішінің шаруасы-кәсібімен айналысып, бала-шағаны бағып-қағу, өсіру, ағайын жұрттың береке-бірлігіне ұйытқу болу сияқты негізінен үйелменнің құт-берекесін арттыратын ең бір маңызды істер әйелге жүктеліп, әр шаңырақтың тұрмыс-тіршілігі, хал-ахуалы да осы үйдегі ақ жаулықты аналарымыз болып келеді. Жақсы сөз – жарым ырыс демекші, қуаныштан жүздері балбұл жанған ақжаулықты аналардың алдында барша азамат мәңгі қарыздар екеніне тоқталып, шын көңілден құттықтаймыз. Ананы сыйлаған, имандылыққа ұйыған халқымызда «Ананың сүйген жері – отқа күймейді, оқта тимейді» деген тәмсілге сай олардың жүзін мұң шалмауы үшін бар жақсылықтың жалғасатыны анық.
Жер бетіндегі жақсылық атаулы аналардың үлкен жүрегімен әрленеді десек, жылына бір тойланатын мерекеде олардың еңбектерін бағалап, сый құрмет көрсету парызымыз.
Басқа жаңалықтар

