Халықаралық әйелдер күніFarabi University

Халықаралық әйелдер күні

7 наурыз, 2025

2025 жылғы 7 наурызда «6В05105 - Генетика» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері (куратор-эдвайзер – PhD, доцент м.а. Ловинская А.В.) Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз мерекесіне арналған кураторлық сағат өткізді.

Кураторлық сағат барысында студенттер әйел адамның тарихтағы рөлінің өзгеруін талқылады. Студенттер ғылым, спорт, әдебиет және қоғамның басқа да салаларына зор үлес қосқан көрнекті әйелдерді атап өтті.

Іс-шара сонымен қатар 5 "Гендерлік теңдік" тұрақты даму мақсатының (ТМД) аспектілерін қарастырады.

Сонымен қатар, жігіттер қыздарды мерекемен құттықтады.


Молекулалық биология және генетика кафедрасы.