Амал мерекесі – қазақ халқының дәстүрлі ұлттық мерекелерінің бірі
.jpg)
ТДМ 11 «Мәдени мұраны сақтау» бағытына арналып өтілді. Амал мерекесі – қазақ халқының көктемгі жаңару мен тіршіліктің оралуын қарсы алатын ежелгі дәстүрлі мейрамы. Бұл күн әр жылы 14 наурызда атап өтіледі және көбінесе Батыс Қазақстан өңірінде кеңинен таралған. Осы мереке аясында топ студенттері осы мейрамды атап өттік және қазақ халқының кең мәдениетіне шолу жасадық.
Амал – табиғаттың оянуын, адамдар арасындағы татулық пен бірлікти білдиретін ерекше күн. Бұл күні адамдар бір-бірімен көрісіп, «Бір жасыңмен!», «Жасың құтты болсын!» деп амандасып, өкпе-ренішті ұмытып, жаңа жылды жарқын көңілмен қарсы алады.
Амал мерекесінің басты мәні – адамдарды жақындастыру, ынтымақ пен берекеге үндейтін дестүрлерді сақтау. Бұл күні үлкендерге сәлем беріп, ақсақалдар батасын береді, дастархан жайылып, ұлттық тағамдар ұсынылады.
Қазақ халқы үшін Амал – бұл тек табиғаттың емес, жүректің де жаңаруына себеп болатын мейрам. Сондықтан да ол ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан құнды рухани мұра болып қала бермек.
Ұйымдастырушылар: 6В04103-Экономика ББ 2 курса студенттері, эдвайзері Андабаева Г.К.
Басқа жаңалықтар

