
14 наурыз-Амал мерекесі мен қасиетті рамазайы айының қатар келуі игі істер мен қайрымдылыққа толы жақсылықтың нышаны ұласқан ширек ғасырда бір келер ұлы күн. Осы орайда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Жоғары оқу орынан дейінгі білім беру факультетінің ұйымдастыруымен тыңдаушылар жатақханасында екі жаңа асхананың ашылуы аталып өтті. Бұл ерекше шараға кафедра әкімшілігі, арнайы қонақтар, оқытушылар мен тыңдаушылар қатысып, жаңа асханалардың қызметімен танысты.
Жатақханадағы асханалар – студенттердің жайлы өмір сүруінің маңызды бөлігі. Жаңа асханалар заманауи жабдықтармен қамтамасыз етіліп, тыңдаушылардың дұрыс әрі теңгерімді тамақтануына, жайлы жағдайда ас ішуіне және оқу барысында күш-қуатын толықтыруына мүмкіндік береді. Мереке барысында қонақтар жаңа асханалардың заманауи мүмкіндіктерімен танысып, олардың тыңдаушыларға жасайтын қолайлы жағдайлары туралы пікір алмасты, шара ерекше жылы көңіл күйде өтті.
Бұл игі бастама тыңдаушылардың жайлылығын арттырып қана қоймай, олардың денсаулығы мен дұрыс тамақтануын қамтамасыз етуге бағытталған. Жаңа асханалар студенттерге қолайлы жағдай жасап, оқу процесінде олардың күш-қуатын толықтыруға көмектеседі.
Барша тыңдаушыларға сәттілік тілейміз, жаңа асханалар құтты болсын!
#Наурыз2025
Басқа жаңалықтар

