🌿 Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының студенттері мен оқытушылары жалпыуниверситеттік сенбілікке қатысты! 🌍Farabi University

🌿 Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының студенттері мен оқытушылары жалпыуниверситеттік сенбілікке қатысты! 🌍

15 наурыз, 2025

📅 15 наурыз күні біздің кафедраның белсенді студенттері мен оқытушылары университет аумағын тазарту және абаттандыру шарасына атсалысты. Бұл іс-шара Тұрақты даму мақсаттарына қолдау білдіріп, қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесіміз болды. 🌱  

🌏 Құрлық экожүйелерін сақтау – бұл тек табиғатты қорғау ғана емес, сонымен қатар болашақ ұрпақ үшін таза және жайлы орта қалыптастыру. Әрбір кішкентай қадам – үлкен өзгерістерге бастар жол! 🚀