Планетарийге саяхатFarabi University

Планетарийге саяхат

19 наурыз, 2025

ТДМ 4-ші «Сапалы білім беру» және «Тұрақты даму үшін серіктестік» 17-ші мақсаттарына сәйкес мақсаттарына сай 06.03.2025 күні Экономика кафедрасы «6В04109 - Цифрлық экономика» мамандығының 1 және 3 курс студенттерімен «Ғарыш әлемі: зерттеу мен жаңалықтың бастауы» тақырыбында студенттердің бос уақытын тиімді өткізуге бағытталған тәрбиелік мәні бар іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің ғылым мен білімге деген қызығушылығын арттыру, ғарыш саласындағы жаңалықтар мен зерттеулердің маңызын түсіндіру және олардың танымдық көкжиегін кеңейту болды.

Студенттер бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында Алматы қаласы Оқушылар сарайында орналасқан Планетарийге саяхат жасап астрономия әлемімен танысты. Планетарийдегі экскурсия студенттерге ғарыш кеңістігінің құпияларын ашуға, ғылыми зерттеулер мен технологиялық жетістіктер туралы мағлұмат алуға мүмкіндік берді. Бұл тәжірибе олардың ғылыми ой-өрісін дамытып, жаңа білімге деген құштарлығын арттырды.

Ұйымдастырушы: «Экономика» кафедрасының аға оқытушысы, PhD Г.К. Иляшова.