17 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
.jpg)
17.03.2025 жылы «6В04103 Экономика» ББ 2 курс студенттері Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейіне барып, ТДМ 4 және ТДМ 11, ТДМ 16 орындалуына өз үлесімізді қостық. Бұл – еліміздің ең көне әрі ең үлкен музейлерінің бірі, мұнда мыңдаған жылдық тарих пен мәдениеттің ізі сақталған.
ҚР Мемлекеттік Орталық музейінде Наурыз мерекесін тойлаудың он күндік тұжырымдамасы аясында 2025 жылғы 14-23 наурыз аралығында бірқатар мәдени-танымдық іс-шаралар өткізіліп жатыр. 17 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай Орталық музеймен ұйымдастырылған мәдениет пен ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Ұлыс оң болсын!» мәдени-танымдық іс-шарасын өткізілді. Біз қазақ халқының ең маңызды әрі көне дәстүрлерінің бірі – «Тұсау кесер» рәсімін тамашаладық.
Қазақстан халқының бай дәстүрлері мен мәдениетінің көптүрлілігін, сондай-ақ қоғамның құндылықтарын бейнелейді: тарихи жәдігерлер – сақ дәуірінен бастап бүгінгі күнге дейінгі құнды экспонаттар, археологиялық қазыналар – алтын бұйымдар, көне қару-жарақтар мен тұрмыстық заттар, қазақ мәдениеті – ұлттық киімдер, музыкалық аспаптар, этнографиялық заттар, қазіргі заманғы көрмелер – өнер мен ғылым тоғысқан заманауи инсталляциялар.
Орталық музейге барып, тарихпен тілдесуге мүмкіндік алғыңыз келсе, міндетті түрде барып көріңіз!
Куратор: Андабаева Г.К.
Басқа жаңалықтар

