Нұртілеу Иманғалиұлының кітабы студенттерге таныстырылдыFarabi University

Нұртілеу Иманғалиұлының кітабы студенттерге таныстырылды

19 наурыз, 2025

     2025 жылдың 19 наурызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультетінде ардагер журналист, қоғам қайраткері Нұртілеу Иманғалиұлының «Бай қуатты болайық» атты жаңа кітабының таныстырылымы өтті. Шараны Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы ұйымдастырды. 

Таныстырылымның мақсаты – тележурналистика саласында жарты ғасырдан астам еңбек еткен Нұртілеу Иманғалиұлының шығармашылығын насихаттау, студент жастарды кәсіби шеберлікке баулу, сондай-ақ, автордың жаңа еңбегі арқылы журналистиканың қоғамдық маңызын тереңірек түсіндіру. Шара барысында автордың тележурналистикадағы тәжірибесі, шығармашылық ұстанымдары мен жастарға арналған ұсыныстары кеңінен талқыланды.

Іс-шараға университет студенттері, журналистер, БАҚ өкілдері және шығармашылық мамандық иелері қатысты. Қатысушылар үшін бұл кездесу білім мен тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік болды.

Айта кетейік, Нұртілеу Иманғалиұлы – қазақ журналистикасының көрнекті тұлғасы, оның еңбектері мен шығармалары бірнеше буын журналистер үшін үлгі әрі кәсіби бағдар болып келеді. «Бай қуатты болайық» кітабы – автордың көпжылдық тәжірибесінен туған, ұлттық журналистиканың даму жолдарын баяндайтын құнды еңбек.