- Басты бет
- Жаңалықтар
- «7M05109 - Биотехнология» білім беру бағдарламасы бойынша магистрант Қожахмет Алтынай Талғатқызы Ұлттық генетика институтында (NIG) және DDBJ орталығында ғылыми тағылымдамадан өтті.
«7M05109 - Биотехнология» білім беру бағдарламасы бойынша магистрант Қожахмет Алтынай Талғатқызы Ұлттық генетика институтында (NIG) және DDBJ орталығында ғылыми тағылымдамадан өтті.

Магистратураның екінші курсында оқитын Қожахмет Алтынай Талғатқызы 2025 жылғы 15 қаңтар мен 12 ақпан аралығында Жапонияның Мисима қаласындағы Ұлттық генетика институтының (NIG) және DDBJ орталығының Биологиялық желілер зертханасында ғылыми тағылымдамадан өтті.
Ғылыми тағылымдаманың мақсаты – қазақтың етті-жүнді қой тұқымының өнімділігіне жауап беретін кандидат гендерді анықтау үшін SNP-деректерін талдаудың заманауи әдістерін меңгеру және осы бағыттағы білімді тереңдету. Тағылымдама барысында SNP-генотиптеу деректерін биоинформатикалық өңдеу әдістерін зерттеу жүзеге асырылды.
Тағылымдама аясында Алтынай PLINK және RStudio платформаларын пайдалана отырып, SNP-генотиптеу деректерін өңдеу, SNP деректерін тазарту және аннотациялау, өнімділік белгілерімен байланысты SNP-ассоциативтік талдау жүргізу, қойлардың генетикалық әртүрлілігі мен популяциялық құрылымын бағалау әдістерін меңгерді.
Тағылымдама популяциялық генетика және биоинформатика саласындағы білімді тереңдетуге ықпал етіп, қазақтың жергілікті қой тұқымдарының генетикалық құрылымын зерттеуге, ауыл шаруашылығы жануарларының генетикалық селекциясында SNP-маркерлерді қолдану мүмкіндіктерін қарастыруға мүмкіндік берді.
Алынған тәжірибе мен меңгерілген әдістер магистрлік диссертацияны орындау және геномдық селекция саласындағы одан әрі зерттеулер үшін маңызды. Тағылымдама нәтижелері қазақтың етті-жүнді қой тұқымының өнімділігіне әсер ететін ген-кандидаттарды анықтауда қолданылып, ауыл шаруашылығы жануарларының отандық генетикасының дамуына үлес қосады.
Басқа жаңалықтар

