Қор биржасы және оның қазіргі экономикадағы рөлі
.jpg)
6-шы ақпан күні Есенгелдиева Г.Т мен Жоламанов Е.М. жетекшілігімен Ғылыми студенттік клубтың отырысы өтті. Онда «Қор биржасы және оның қазіргі экономикадағы рөлі» тақырыбына арналған ғылыми студенттік үйірме отырысы өтті. Баяндамамен «Цифрлық экономика» мамандығының 1 курс студенті Мұхамбетмұстапаев Нұрлыбек қор биржасының жұмыс істеу қағидаттары, бағалы қағаздармен сауда жасау механизмдері және биржа қызметінің экономиканың дамуына әсері туралы кеңінен айтып өтті. Кездесуге «Экономика» және «Цифрлық экономика» бағыттарының 3 курс студенттері, сонымен қатар «Цифрлық экономика» бағыты бойынша 1 курс студенттері қатысты. Қатысушылар инвестициялау, нарықтық тәуекелдер мен қор биржасында табысты сауда жасау стратегиялары мәселелерін белсенді түрде талқылады. Бұл тақырыпты Тұрақты даму мақсаттарымен (ТДМ), атап айтқанда сегізінші мақсат – «Лайықты еңбек және экономикалық өсу»мен байланыстыруға ерекше назар аударылды. Қор нарығы жұмыс орындарын құруға, инвестиция тартуға және экономикалық өсуді ынталандыруға қалай көмектесетінін талқылады. Қор биржасы – тұрақты экономика құрудың және қоғамның әл-ауқатын арттырудың маңызды құралы.
Барлық қатысушыларға қызықты идеялары мен белсенді пікірталастары үшін алғыс айтамыз!
Басқа жаңалықтар

