Генетикалық тұрақсыздық және мутациялар: ТДМ – 4 (Сапалы білім)

Молекулалық биология және генетика кафедрасының оқытушысы б.ғ.к., доцент Жұмабаева Б.Ә. жетекшілігімен және «8D05104 Генетика» мамандығының 1 курс докторанты Ермекова М.Ш. ұйымдастыруымен «Мутациялық селекция» пәнінен «Генетикалық тұрақсыздық және мутациялар: Тұрақты Даму Мақсаты – 4 (Сапалы білім)» тақырыбында дәріс өтті.
Дәріс барысында генетикалық тұрақсыздықтың негіздері, спонтандық мутациялардың пайда болу механизмдері және жылжымалы генетикалық элементтердің (транспозондардың) геном тұрақтылығына әсері қарастырылды. Генетикалық мутациялар эволюциялық процестердің маңызды факторы болып табылады және олар организмдердің бейімделу қабілетіне, тұқым қуалайтын аурулардың пайда болуына тікелей ықпал етеді. Жылжымалы генетикалық элементтер геномның өзгергіштігін қамтамасыз етіп, кейбір жағдайларда мутациялық процестердің катализаторы ретінде әрекет етеді.
Бұл зерттеулер тұрақты даму мақсаттарының бірі – сапалы білім беруді қамтамасыз етуге негізделген, себебі қазіргі биомедициналық ғылымның дамуы мен генетикалық зерттеулердің жетістіктері болашақ мамандардың кәсіби даярлығын арттыруға және қоғамдағы генетикалық сауаттылықты күшейтуге ықпал етеді. Генетикалық тұрақсыздықты зерттеу генетика, биотехнология және биология салаларында маңызды жаңалықтар ашуға мүмкіндік береді.
Дәріс студенттердің қызығушылығын тудырып, ғылыми пікірталасқа ұласты. Бұл тақырып бойынша зерттеулер жалғасып, университет қабырғасында ғылыми ізденістер мен жобалар аясында кеңейтілетін болады.
Басқа жаңалықтар

