- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Абайдың қара сөздері мен таңдамалы өлеңдері» тақырыбында студенттік пікірталас алаңы
«Абайдың қара сөздері мен таңдамалы өлеңдері» тақырыбында студенттік пікірталас алаңы

2025 жылғы 31 наурызда ТДМ 4 және ТДМ 11 мақсаттарына қол жеткізу бағдарламасы аясында «100 кітап» жобасы бойынша «Абайдың қара сөздері мен таңдамалы өлеңдері» тақырыбында студенттік пікірталас алаңы өтті. Мақсаты: студенттердің қазақ халқының рухани және мәдени мұрасына қызығушылығын ояту, Абайдың қара сөздері мен өлеңдеріндегі моральдық және философиялық идеяларды терең түсіну арқылы тәрбиелік мән беру; сыни ойлау қабілеттерін, дәлелді пікір айту дағдыларын дамыту, сондай-ақ адамгершілік құндылықтарды, патриотизмді және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылысты қалыптастыру. Пікірталас барысында студенттер ұлы ойшылдың негізгі идеяларын ашып көрсеткен қызықты баяндамалар мен мазмұнды презентациялар дайындап, қара сөздер мен өлеңдерге терең талдау жасады, сондай-ақ өз ой-пікірлері мен шығармашылық интерпретацияларын ұсынды. Өткізу орны мен уақыты: Биология және биотехнология факультеті, Биотехнология кафедрасы, 415-аудитория, 15:00. Ұйымдастырушылар: Биотехнология кафедрасының профессорлары Асрандина С.Ш., Атабаева С.Д. және «6В070103 – Биотехнология» мамандығының 1 және 4-курс студенттері.
Басқа жаңалықтар

