АО «Caspian Beverage Holding» зауытына экскурсияFarabi University

АО «Caspian Beverage Holding» зауытына экскурсия

3 сәуір, 2025

2025 жылғы 2 сәуірде биология және биотехнология факультетінің биотехнология кафедрасының оқытушылары ЦУР 12 – «Рационалды тұтыну және өндіріс модельдеріне көшу» мақсатында АО «Caspian Beverage Holding» зауытына экскурсия ұйымдастырды. Экскурсияның мақсаты: студенттерді табиғи ресурстарды рационалды пайдалану, шикізатты қайта өңдеу технологиялары және экологиялық қауіпсіз өндірістік процестерді енгізу принциптерімен таныстыру. Экскурсия барысында қатысушылар зауыттағы қалдықтарды азайту, материалдарды қайта өңдеу және энергия тиімділігін арттырудың заманауи әдістерімен танысып, биотехнологиялық өнеркәсіп контексінде тұрақты даму мәселелерін талқылады. Өткізілген орны мен уақыты: АО «Caspian Beverage Holding» зауыты, Алматы қаласы, Гоголь көшесі 211, 16:30. Ұйымдастырушылар: Биотехнология кафедрасының профессорлары С.Ш. Асрандина, С.Д. Атабаева, және «6В070103 – Биотехнология» мамандығының 1-ші және 4-ші курс студенттері.