Үздік технология, заманауи шығармашылық

2025 жылғы 27 наурызда Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) жүзеге асыру аясында – ТДМ 4: «Сапалы білім» және ТДМ 9: «Өнеркәсіп, инновациялар және инфрақұрылым», 8D07105 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы білім беру бағдарламасының 1-курс докторанттары: Бейсенова А.С., Әзілбек Л., Сүлейменова А.Б. және Бауыржанов Қ.Б. педагогикалық практика шеңберінде х.ғ.к., аға оқытушы Литвиненко Ю.А. жетекшілігімен 7М07106 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы білім беру бағдарламасының 2-курс магистранттарына ашық тәрбие шарасын өткізді.
Кездесудің тақырыбы: «Ең үздік технология, заманауи шығармашылық» – бұл сапалы білімнің маңыздылығын, білікті мамандарды даярлауды және олардың озық технологияларға қолжетімділігін ерекше атап көрсету мақсатында таңдалды. Іс-шара барысында докторанттар қатысушылармен қазіргі әлемде бәсекеге қабілетті болудың негізгі аспектілерін, кәсіби дамудағы инновациялардың рөлін және заманауи технологиялық құралдарды меңгерудің маңыздылығын талқылады.
Кездесуге кафедра оқытушылары белсенді қатысты: х.ғ.к., аға оқытушы Умбетова А.К., PhD, профессор м.а. Құдайбергенова Б.М., PhD, аға оқытушы Елібаева Н.С.
Бұл тәрбие шарасы магистранттардың білімдері мен дағдыларын үздіксіз жетілдірудің маңыздылығын түсінуіне, сондай-ақ қазіргі ғылым мен өнеркәсіптің сын-тегеуріндеріне дайын болуына бағытталды.
Басқа жаңалықтар

