Тұрақты даму мақсаттары аясында дебат ұйымдастырылды
31 наурыз, 2025

Тұрақты даму мақсаттары – Сапалы білім беру бағыты аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының дінтану мамандығы 3 курс студенттерімен 31 наурызда «Толеранттылық ұғымы және Қазақстандағы көріністері» тақырыбында дебат ұйымдастырылды. Қызықты да ақпаратқа толы дебатта студенттер тақырып аясында тың білімге ие болды, туындаған сұрақтарға жауап алды.
Ұйымдастырушылар:
Балтымова Мира Рашидқызы, дінтану және мәдениеттану кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, қауымдастырылған профессор
Байжума Самет, дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы
Басқа жаңалықтар

18 сәуір, 2025

18 сәуір, 2025