KazNUxTalk форматындағы «Жастар бастамалары» республикалық байқауы

2025 жылдың 11 сәуірінде Тұрақты дамудың 4 жаһандық мақсатына және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-тың педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының 85 жылдығына арналған «Жастар бастамалары» республикалық байқауының KazNUxTalks шарасы өтті. Байқау мектептегі және жоғары оқу орындарындағы білім беруді жақсарту, білім берудегі әлеуметтік әріптестікті дамыту, мектептегі және басқарушылық өзгерістерді енгізуге бағытталған.
Байқау 2025 жылдың 3 қаңтар мен 31 наурыз аралығында жас және таланттыбакалавриат студенттеріне білім беру сапасын жақсартуға бағытталған инновациялық идеялар мен жобаларды көрсетуге мүмкіндік беру үшін өткізілді.
Конкурс өтінімдері https://projectyouth.kz ресми сайтында қабылданды және жұмыс барысы instagram: @kaznu_project, тик-ток: kaznu_project әлеуметтік желілеріндесипатталып отырылды. Әлеуметтік желілер «Педагогика. Білім берудегі менеджмент»бағдарламасының магистранттарымен еріктілік негізінде жүргізілді.
Басқа жаңалықтар

