- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әбу Насыр әл-Фарабидің 1155 жылдығына арналған IV Халықаралық Фараби форумы аясында көктемгі мектеп
Әбу Насыр әл-Фарабидің 1155 жылдығына арналған IV Халықаралық Фараби форумы аясында көктемгі мектеп

11 сәуір күні «Қазіргі замандағы ислам мұрасы» атты халықаралық көктемгі мектептің жұмысы қорытындыланды. Бұл шара Әбу Насыр әл-Фарабидің 1155 жылдығына арналған IV Халықаралық Фараби форумы аясында өткізілген болатын. Көктемгі мектеп Тұрақты даму мақсаттарының «Сапалы білім беру», «Гендерлік теңдік», «Тұрақты даму үшін серіктестік» бағыттарына сәйкес өткізілді. Халықаралық білім және ғылым жиынына Қазақстанның бірнеше өңірлерінен, Италия, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазан, т.б. елдерден офлайн және онлайн форматта 85 тыңдаушы қатысты. Көктемгі мектеп барысында дәріс оқыған белгілі дінтанушы, исламтанушы ғалымдар өздерінің терең ізденістермен және тәжірибелерімен бөлісті.
Көктемгі мектептің жабылу салтанатын жүргізген университетіміздің философия және саясаттану факультетінің деканы Бекжан Мейрбаев: «Бұл жиында ислам философиясы, сопылық және заманауи исламдық ойлау; заманауи исламдық саяси ойдың өзекті мәселелері мен шешімдері; Құран интерпретациясы, гендерлік зерттеулер және цифрлық гуманитарлық ғылымдар; ислам қаржы жүйесі және оның қазіргі экономикалық мәселелерді шешудегі рөлі сынды өзекті мәселелер талданды», - деді. Ол дәріс оқыған Қазақстан, Ұлыбритания, Түркия ғалымдарына және ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, әл-Фарабидің кітаптарын сыйға тартты. Осы шараны ұйымдастырушылардың бірі, «Идрак» қоғамдық қорының төрағасы Руфат Гулиев өз сөзінде Ғылым күні қарсаңында өткізілген аталмыш шараның маңыздылығына тоқталды. Барлық қатысушыларға сертификат табысталды.
Шара соңында модератор Бекжан Мейрбаев барлық қонақтар мен қатысушыларды 12 сәуір – Ғылым күнімен құттықтап, алғысын білдірді.
Басқа жаңалықтар

