Муса Назерке Молжанқызы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D03203 – Халықаралық журналистика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Муса Назерке Молжанқызының «Этносаралык ортадағы әлеуметтік қақтығыстардың БАҚ-тағы көрінісі: Қазақстандағы мысал негізінде» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады. Диссертация Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультетінің ЮНЕСКО журналистика және коммуникация кафедрасында орындалды.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақ.
Ресми рецензенттер:
1. Шурентаев Амангельды Мирамович – философия докторы (PhD), Баспасөз және баспа ісі кафедрасының меңгерушісі, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ., Қазақстан).
2. Есенбек Жұмағали Бейсенбайұлы – философия докторы (PhD), С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Басқарма мүшесі – ғылым жөніндегі Проректоры (Өскемен қ., Қазақстан).
Ғылыми жетекшілер:
1. Мысаева Қарлыға Нақысбекқызы – филология ғылымдарының кандидаты, әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қауымдастырылған профессоры (Алматы қ., Қазақстан).
2. Майкл Браун – АҚШ-тың Вайоминг университетінің профессоры (Вайоминг қ., АҚШ).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Асанов Камашке Даулетқанұлы – филология ғылымдарының докторы, профессоры Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (Қарағанды қ. Қазақстан).
2. Алимжанова Айкерим Болатовна – PhD докторы, SDU университеті Журналистика кафедрасының меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан).
3. Мұқанова Гүлнар Қайроллақызы – Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты жетекші ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының кандидаты (Алматы қ., Қазақстан).
Қорғау 2025 жылғы 14 мамырда сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D050400, 8D03201 – Журналистика, 8D03202 – Медиа және коммуникациялар, 8D03203 – Халықаралық журналистика» мамандықтар тобы/ білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн және оффлайн) форматта келесі мекен-жай бойынша өтеді: 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, Журналистика факультеті.
Zoom конференциясына қосылу: https://zoom.us/j/97522620633?pwd=SbbcnvXKICrcBEJbWxOxecIeDcrCH5.1
Идентификатор конференции: 975 2262 0633
Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы
Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық
Басқа жаңалықтар


