Үздік эдвайзер – 2025: Толғанай Рысқалидың жетістігі және эдвайзерлердің студенттік қоғамдастықтың дамуына қосқан үлесіFarabi University

Үздік эдвайзер – 2025: Толғанай Рысқалидың жетістігі және эдвайзерлердің студенттік қоғамдастықтың дамуына қосқан үлесі

11 сәуір, 2025

Университетте «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Үздік эдвайзер – 2025» байқауы өтті. Көптеген лайықты қатысушылардың арасынан үшінші орынды кафедрамыздың мақтанышы – биология және биотехнология факультетінің аға куратор-ұйымдастырушысы Рысқали Толғанай Бағдатқызы иеленді.

Байқаудың мақсаты – эдвайзерлердің кәсіби шеберлігін арттыру, олардың студенттермен қарым-қатынасын нығайту, эдвайзерлердің білім мен ғылымды дамытуға қосқан үлесін кеңінен насихаттау. Бұл шара қатысушылар үшін ұстаздық қабілеттерін, ұйымдастырушылық қабілеттерін және көшбасшылық қасиеттерін көрсете білген ерекше алаң болды.