Жыл сайынғы дәстүр: Факультет ауласында алма ағаштары отырғызылдыFarabi University

Жыл сайынғы дәстүр: Факультет ауласында алма ағаштары отырғызылды

16 сәуір, 2025

2025 жылғы 15 сәуірде Халықаралық қатынастар мамандығының 3-курс студенттері Халықаралық қатынастар факультетінің алдында алма ағаштарын отырғызды. Екі апта бұрын дәл осындай шараны «Халықаралық және құқықтық қатынастар саласындағы аударма ісі» мамандығының 1-курс студенттері өткізген болатын.
Біз бұл игі істі дәстүрге айналдырып, жыл сайын сүйікті факультетіміздің айналасына ағаш отырғызуды жөн көрдік.
Айта кету керек, бұл шара «Ғашықтар күні» мерекесіне тұспа-тұс келді, бұл оны одан әрі мәнді ете түсті.