«Қажылық ханафи мәзһабында» атты ашық семинарFarabi University

«Қажылық ханафи мәзһабында» атты ашық семинар

16 сәуір, 2025

2025 жылғы 16 сәуір күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультетінде «Зекет және қажылық» пәні аясында ашық семинар өтті. Семинар тақырыбы: «Қажылық ханафи мәзһабында» болды.

Семинар барысында ханафи мәзһабындағы қажылықтың ерекшеліктері, үкімдері мен фиқһтық негіздері қарастырылып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, білім алушылар мен оқытушылар арасында белсенді пікір алмасуға жол ашты.

Семинарды ұйымдастырған:

            •          Исламтану мамандығының 1-курс магистранты Жұбанов Б.

            •          Практика жетекшісі Мәжен Е.

            •          Ғылыми жетекші Балтымова М.Р.