Халықаралық қатынастар факультетінде жас ғалымдар көші-қон мәселелерін Тұрақты даму мақсаттары контекстінде талқыладыFarabi University

Халықаралық қатынастар факультетінде жас ғалымдар көші-қон мәселелерін Тұрақты даму мақсаттары контекстінде талқылады

17 сәуір, 2025

Аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде “Халықаралық көші-қонның теориялық және практикалық аспектілері: 17 Тұрақты даму мақсаты және Қазақстанның рөлі” атты халықаралық дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Халықаралық қатынастар факультеті жанындағы БҰҰ туралы ақпарат беретін академиялық аймақтық ресурстық орталық ұйымдастырды.

 

Дөңгелек үстел аясында халықаралық көші-қонның теориялық және практикалық аспектілері ТДМ (4, 5, 8, 10 және 17) контекстінде талқыланды. Өз зерттеулерін халықаралық көші-қон саласында келесі жас ғалымдар ұсынды:

          •           Бибиназ Альман – PhD кандидаты, білім беру көші-қоны мен ТДМ бойынша жас зерттеуші;

          •           Асыл Тұңғышева – аль-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінің 1 курс PhD докторанты;

          •           Аммар Хабиби – ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің 2 курс магистранты.

 

Негізгі талқылаушы ретінде Қазақстандағы Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюроның директоры Денис Дживага сөз сөйледі. Ол зерттеулердің өзектілігі мен маңыздылығын атап өтіп, өз тәжірибесімен бөлісті және жас ғалымдарға қолдау көрсету үшін Бюроның электронды ресурстарын ұсынды.

 

Сондай-ақ, халықаралық құқық кафедесі меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Баймағамбетова Зульфия Мәжитқызы құқықтық тұрғыда пікір білдірді. PhD докторы, халықаралық қатынастар факультетінің аға оқытушысы Парпиев Сырым Маратович ұсынылған зерттеулерге теориялық шолу жасап, заманауи көші-қон теориялары мен зерттеу әдістерін талдады. Дөңгелек үстелдің модераторы – Деловарова Л.Ф.

 

Барлық қатысушылар аймақтық ынтымақтастықтың және тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырудың заңды әрі қауіпсіз көші-қон үшін маңызын атап өтті.

 

Ұйымдастырушылар: Деловарова Л.Ф., Альманова Б.Б.