Батамен ел көгереді — рухани байлықтың қайнарыFarabi University

Батамен ел көгереді — рухани байлықтың қайнары

21 сәуір, 2025

«Батамен ел көгереді» тақырыбында Экономика және Бизнес жоғары мектебінің «6В04103 – Экономика» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері тәрбиелік іс-шараны №16 жатақханада өткізді. Іс-шараның мақсаты — қазақ халқының рухани құндылығы болып саналатын бата беру дәстүрінің мәнін ашу, оның қоғамдағы, ұрпақ тәрбиесіндегі орнын айқындау. Шарада батаның тәрбиелік мәні, рухани маңызы туралы пікір алмасып, танымдық презентациялар жасап, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Бұл шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ-16) — «Бейбітшілік және әділеттілік, тиімді институттар» бағытына үндес келеді. Себебі бата — ел бірлігіне, татулыққа, ізгілік пен сыйластыққа бастайтын ұлы дәстүр. Іс-шара аясында ұлттық тәрбие мен рухани сабақтастықты сақтаудың маңыздылығы атап өтіліп, бата сөздер тек ауызша ғана емес, іс-әрекетпен де жүзеге асуы тиіс деген ой қорытылды.