
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті. Мерекелік іс-шаралар аясында университет жатақханалары арасында ұйымдастырылған «Үздік ас бөлме» байқауы қорытындыланып, Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің жатақханасы «Үздік ас бөлме» номинациясына ие болды.
Наурыз – тек ұлттық мереке ғана емес, сонымен қатар бірлік пен ізгілікке негізделген шаралар арқылы студенттердің бойына тәрбиелік мән беретін уақыт. Осындай байқаулар жастардың тұрмыстық мәдениетін қалыптастыруға және бір-біріне деген сыйластықты арттыруға үлкен септігін тигізеді.
Басқа жаңалықтар

21 сәуір, 2025

21 сәуір, 2025

21 сәуір, 2025