"Фараби әлемі" ғылыми конференциясының жеңімпазыFarabi University
Референдум 15 марта

"Фараби әлемі" ғылыми конференциясының жеңімпазы

25 сәуір, 2025

Халықаралық қатынастар факультетінің «Дипломатиялық аударма» кафедрасы,  «Халықаралық қатынастар және құқық саласындағы аударма» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Сарсенбай Гүлназ "Фараби әлемі" атты студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференциясында I орынға ие болды.

Гүлназдың «Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы қазақ реалияларын аудару мәселелері» атты ғылыми зерттеу жұмысы өзекті тақырыбымен, терең мазмұнымен ерекшеленіп, әділқазылар тарапынан жоғары бағаға ие болды (ғылыми жетекшісі: Жумалиева Ж.К.).

Бұл мақала мәдени терминдердің құрылымдық ерекшеліктерін маңызды талдауға арналған. Зерттеудің мақсаты – Дүниежүзілік көшпенділер ойындары контекстіндегі қазақ реалияларын аударуға қатысты қиындықтар мен әдіснамаларды зерттеу.