Халықаралық ынтымақтастық аясында шетелдік әріптестермен кездесу.Farabi University

Халықаралық ынтымақтастық аясында шетелдік әріптестермен кездесу.

23 сәуір, 2025

2025 жылдың 23 сәуірінде педагогика ғылымдарының докторы, Ресей білім академиясының профессоры, Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университеті Шетел тілдері институты директорының орынбасары Бокова Татьяна Николаевна, филология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университеті Шетел тілдері институтының ағылшын тілі және лингводидактика кафедрасының доценті Чайковская Наталья Юрьевна, педагогика ғылымдарының кандидаты, Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университеті Шетел тілдері институтының ағылшын тілі және лингводидактика кафедрасының доценті Габеева Кристина Асланбековна әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің «Мәдениетаралық қарым-қатынас және әлем тілдері» орталығында қонақ болды.

Орталық басшысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Бегалиева Сауле Баязовнамен кездесу барысында орыс тілін шет тілі ретінде насихаттау мәселелері; студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығының аспектілері; бірлескен конференциялар мен форумдар өткізу тақырыптары талқыланды. Т.Н. Бокова университет студенттерімен кездесіп, Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінің Шетел тілдері институтымен және магистратура бағдарламаларымен таныстырды.

 

Орталық директоры С.Бегалиева