ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультеті Ашық есік күнін өткізді

2025 жылғы 3 мамырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде Ашық есік күні өтті. Іс-шараға мектеп оқушылары, олардың ата-аналары мен мұғалімдер қатысты.
Іс-шара барысында факультет оқытушылары, сондай-ақ шетелдік тәжірибеден өткен түлектер мен студенттер сөз сөйледі. Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы шетелдік тағылымдамадан өткен студенттердің бейнероликтерін ұсынды, онда олар өз тәжірибелері мен әсерлерімен бөлісті.
Интерактивті сессиялар мен викториналар аясында қатысушылар өз білімдерін көрсетіп, естелік сыйлықтарға ие болды. Сонымен қатар, барлық ниет білдірушілер оқуға түсу және білім алу бойынша жеке кеңестер алды.
Ашық есік күні болашақ талапкерлер үшін факультетпен жақынырақ танысып, қажетті ақпарат алып, сұрақтарына жауап алу үшін тамаша мүмкіндік болды. Барлық қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс білдіреміз!
Апсаттарова Гулзада Абдусагатовна
Басқа жаңалықтар


