
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы факультет пен кафедраның 40 жылдық мерейтойына орай, халықаралық ынтымақтастық аясында ҚХР-дың Алматыдағы Бас консулдығының өкілдері шетелдік студенттермен кездесу өткізді.
Кездесуге Алматы қаласындағы Қытай Бас консулдығының консулы Лу Чжэньюй, консул-атташе Лю Чуньюй, консул-атташе Лю Цзыси, консул-атташе Линь Чэньсинь және кафедраның оқытушылары, орыс-қазақ тілдерін оқып жүрген Қытайдан келген студенттер қатысты.
Жиында жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деканы Спатай Алтынбекұлы құттықтау сөзінде кафедраның, факультеттің тарихы, ғылыми, әдістемелік, тәрбиелік жұмыстарымен таныстырып өтті. Кездесу барысында қатысушылар баяндама жасап, өз ойымен бөлісті. Сонымен бірге студенттер де өз сұрақтарына жауап алды, білім, ғылым саласындағы екіжақты әріптестік талқыланды.
Айгүл СӘДЕНОВА,
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының доценті
Басқа жаңалықтар

