Отан қорғаушылар күніне арналған ашық сабақFarabi University

Отан қорғаушылар күніне арналған ашық сабақ

6 мамыр, 2025

2024 жылғы 6 мамырда Молекулалық биология және генетика кафедрасының 1-курс студенттері жыл сайын 7 мамырда аталып өтетін Отан қорғаушылар күніне арналған ашық сабақ өткізді. Бұл маңызды дата — ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғайтын азаматтарға деген құрметтің, сондай-ақ Отанға деген күш-жігер, батырлық және адалдықтың символы.

Сабақ ашық диалог форматында өтіп, оған барлық студенттер белсенді қатысты. Талқылаудың негізгі тақырыптары – Отан ұғымы, азаматтық борыш және бейбіт аспанның құндылығы болды. Студенттер қазіргі заманда Отанды қорғау нені білдіретінін, бүгінгі күннің нағыз қаһармандары кімдер екенін және елге қызмет етудің қандай жолдары бар екенін (әскер қатарында ғана емес, еңбек, ғылым, білім және еріктілік арқылы да) ой елегінен өткізді.

Патриотизм, тарихи жадты сақтау және бейбітшілікті нығайту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Көптеген қатысушылар әскердегі қызметке және туыстарының ерліктеріне қатысты жеке оқиғаларымен бөлісті.

Ашық сабақ жылы әрі шынайы атмосферада өтті және мазмұнды да терең сұхбатқа айналды. Іс-шара студенттердің азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, ел қорғаушыларын құрметтеуге және бірлік пен жауапкершілік сезімін нығайтуға ықпал етті.