Гидрология білім беру бағдарламалары 7 жылға аккредитациядан сәтті өттіFarabi University

Гидрология білім беру бағдарламалары 7 жылға аккредитациядан сәтті өтті

6 мамыр, 2025

«Гидрология» мамандығы бойынша бакалавриат және магистратура білім беру бағдарламалары Орталық Азияның Білім Аккредитациясы Ассоциациясымен (CAAAE) 7 жыл мерзімге сәтті аккредиттелді.

Бұл нәтиже білім беру бағдарламаларының жоғары сапасын, қазіргі талаптарға сәйкестігін және мамандарды даярлау деңгейінің жоғары екенін дәлелдейді.

Сонымен қатар, «6В05203 – Гидрология» және «7М05206 – Гидрология» білім беру бағдарламаларына халықаралық сапа белгісі – EUR-ACE Label берілді. Бұл инженерлік білім беру саласындағы еуропалық стандарттарға сәйкес келетіндігін және халықаралық деңгейде мойындалғандығын көрсетеді.