Қос дипломды бағдарлама бойынша халықаралық келісімшартқа қол қойылдыFarabi University

Қос дипломды бағдарлама бойынша халықаралық келісімшартқа қол қойылды

8 мамыр, 2025

Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының «7М07101 – Мұнайхимия» білім беру бағдарламасы аясында Францияның жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Université Claude Bernard Lyon 1 университетімен (Subject rating үздік 200 ЖОО қатарында) қос дипломды білім беру бағдарламасын (Кординаторы – Канапиева Ф.М., жұмыс тобының мүшелері – Аубакиров Е.А., Бәкірова Б.С.) жүзеге асыру мақсатында екіжақты келісімшартқа қол қойылды.
Аталған бағдарлама студенттерге екі елдің беделді жоғары оқу орындарында білім алу, халықаралық тәжірибе жинақтау, шет тілін меңгеру деңгейін арттыру және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптасу мүмкіндігін ұсынады. Бағдарламаны сәтті аяқтаған түлектер қазақстандық және француздық екі дипломға ие болады.

Профессор Аубакиров Е.А.