- Басты бет
- Жаңалықтар
- Халықаралық қатынастар және әлем экономикасы кафедрасы он белсенді студентке ынталандыру стипендиясын табыстады
Халықаралық қатынастар және әлем экономикасы кафедрасы он белсенді студентке ынталандыру стипендиясын табыстады

Халықаралық қатынастар факультетінің 2025 жылдың мамыр айында өткен Ғылыми кеңесінің отырысында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, халықаралық қатынастар факультеті, халықаралық қатынастар және әлем экономикасы кафедрасы ең белсенді он студентке ынталандыру стипендиясын табыстады.
Әр стипендияның көлемі 50 000 теңгені құрады. Қаржылай қолдау факультетпен серіктестік аясында PROSPEROUS INVEST компаниясы тарапынан көрсетілді.
Стипендиялар студенттердің факультет өміріне белсенді қатысын мойындау және олардың кәсіби даму мен көшбасшылық қабілеттерін іске асыруға ұмтылысын бағалау ретінде берілді.
Стипендия иегерлері:
- Абубакиров Айдос
- Жұбанышәлі Айгерім
- Мақсот Бейбарыс
- Хамзаева Фатима
- Afzal Mohammad Alim
- Жұмаділ Нұржан
- Сауранбай Анцель
- Шағатаев Бейбарыс
- Құламқадыр Нұрайлым
- Сиддика Айеша
Халықаралық қатынастар және әлем экономикасы кафедрасы қаржылай қолдау көрсеткен PROSPEROUS INVEST компаниясына шын жүректен алғыс айтып, факультет пен университеттің дамуына үлес қосып, студенттердің белсенділігі мен бастамашылдығын әрі қарай да қолдауға дайын екенін растайды.
Басқа жаңалықтар


