ҚазҰУ дзюдошылары жүлделі орындарға ие болдыFarabi University

ҚазҰУ дзюдошылары жүлделі орындарға ие болды

22 мамыр, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дзюдошы жастары Түркістан қаласында өтіп жатқан XIII жазғы универсиадада  жүлделі орындарға ие болды.

Қыздар арасында медицина және денсаулық сақтау факультетінің 1-курс студенті Айдана Хасенқызы 48 келі салмақта алтын медаль жеңіп алды.

Медицина және денсаулық сақтау факультетінің 4-курс студенті  Диана Буркеева (48 келі) мен медицина және денсаулық сақтау факультетінің 1-курс студенті Айшабибі Мурадимова  52 келі салмақта қола медальға ие болды.

Ұлдар арасында медицина және денсаулық сақтау факультетінің 2-курс студенті Нұрсұлтан Зайзағалиев 66 келі салмақта алтын медаль иеленіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

Медицина және денсаулық сақтау факультетінің 1-курс студенттері  Мавлидов Мухаммедали 100 келі салмақта күміс медаль, Әлихан Азамат +100 келі салмақта қола медаль жеңіп алды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі