ҚазҰУ боксшысы Азия чемпионы атанды
22 мамыр, 2025

Фото:sbc_official
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Медицина және денсаулық сақтау факультетінің 1 курс студенті Әділет Тортубек Шри-Ланка мемлекетінде өткен Азия чемпионатында бокстан 60 кг салмақ дәрежесінде жеңіске жетіп, чемпион атанды.
ҚазҰУ-дың жас боксшысы бұған дейін бірнеше халықаралық жарыстарда топ жарып, биыл 5 сәуірде Түркістан қаласында өткен белгілі боксшы Бекзат Саттархановтың еске алуға арналған жастар арасындағы халықаралық турнирде 1 орын алған болатын.
Жас спортшымызды кезекті жеңісімен құттықтаймыз!
Әл-Фараби атындағы қазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар

22 мамыр, 2025

22 мамыр, 2025

22 мамыр, 2025