Жумабекова Кырмызы Бакыткалиевна

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «6D010300 – Педагогика және психология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Жумабекова Кырмызы Бакыткалиевнаның «Білім менеджерлерінің инновациялық басқару құзыреттіліктерін қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық негіздері» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады. Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультеті педагогика және білім беру менеджменті кафедрасында орындалған.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ресми рецензенттер:
1. Кошербаева Айгерим Нуралиевна – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан).
2. Кожамкулова Назгуль Сейфуллинкызы - Философия докторы (PhD), Алматы гуманитарлық-экономикалық университетінің қауымдастырылған профессоры (Алматы қ., Қазақстан).
Ғылыми жетекшілер:
1. Алгожаева Нурсулу Сейткеримовна - педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор м.а., әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан).
2. Римантас Жельвис - педагогика ғылымдарының докторы, Вильнюс университетінің профессоры (Вильнюс, Литва).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Менлибекова Гульбахыт Жолдасбековна – педагогика ғылымдарының докторы, Л. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің психология кафедрасының профессоры (Астана қ., Қазақстан).
2. Мукашева Манаргуль Умирзаковна - педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы, білім беруді цифрландыру орталығы, бас ғылыми қызметкер (Алматы қ., Қазақстан).
3. Гарбер Алена – психология ғылымдарының докторы, Штихтинг-Эурегио университетінің профессоры (Нидерланды, Германия).
Қорғау 2025 жылдың 24 маусымында сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әл-Фараби кітапханасы 303 аудиторияда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанынан құрылған 6D050100, 8D03101 – Әлеуметтану; 6D050200, 8D03104 – Саясаттану; 6D090500, 8D11401 – Әлеуметтік жұмыс, 6D012300, 8D01801 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, 6D050300, 8D03107 – Психология, 6D010300, 8D01101 – Педагогика және психология, 8D03103 – Конфликтология мамандықтар тобы / білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/91420697748?pwd=PIM0q0MDYvl345O8BYTg9HPyl0mjln.1
Идентификаторы: 914 2069 7748
Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы
Басқа жаңалықтар


