Төленді Шолпан Қанатқызы

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D11401 – Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін ұсынылған Төленді Шолпан Қанатқызының «Жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларды әлеуметтік оңалту практикасы» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасында орындалған.
Қорғау түрі – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақ тілі
Ресми рецензенттер:
- Мухамбетова Куралай Арапбаевна – әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтану кафедрасы меңгерушісінің міндетін атқарушы (Астана қ., Қазақстан). Мамандығы: 22.00.04 – әлеуметтік құрылым, әлеуметтік институттар және үдерістер.
- Дуйсенова София Малкайдаровна – PhD докторы, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы (Алматы қ., Қазақстан). Мамандығы: 6D050100 – Әлеуметтану.
Ғылыми кеңесшілер:
- Абдирайымова Гульмира Сериковна– әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан).
- Эдвард Ко-Линг Чан – Гонконг политехникалық университетінің қолданбалы әлеуметтік ғылымдар кафедрасының профессоры (Гонконг, Қытай Халық Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Алимбекова Гульжан Токтамысовна – PhD докторы, Қоғамдық пікірді зерттеу орталығының директоры (Алматы қ., Қазақстан).
- Филипова Александра Геннадьевна - Әлеуметтану ғылымдарының докторы,Қиыр Шығыс федералды университеті, әлеуметтік ғылымдар департаментінің профессоры (Ресей Федерациясы, Владивосток қ.)
- Мустафина Айгуль Сергеевна – PhD докторы, қауымдастырылған профессор, NARXOZ университетінің оқытушысы (Алматы қ., Қазақстан).
Қорғау 2025 жылдың 25 маусымында сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әл-Фараби кітапханасы 303 аудиторияда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанынан құрылған 6D050100, 8D03101 – Әлеуметтану; 6D050200, 8D03104 – Саясаттану; 6D090500, 8D11401 – Әлеуметтік жұмыс, 6D012300, 8D01801 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, 6D050300, 8D03107 – Психология, 6D010300, 8D01101 – Педагогика және психология, 8D03103 – Конфликтология мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/98053152105?pwd=pHQCc2f9X1WGDON1cODcHbxa0UTGvb.1
Конференция идентификаторы: 980 5315 2105
Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы
Басқа жаңалықтар


