Әбдиман Жания Өмірханқызы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «6D021000 – Шетел филологиясы» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Жания Өмірханқызы Әбдиманның «Ұлықтау сөзі саяси дискурстың бөлігі ретінде» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасында орындалды.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – ағылшын тілі.
Ресми рецензенттер:
- Ислам Айбарша – филология ғылымдарының докторы, профессор, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (Алматы қ., Қазақстан);
- Бахтикиреева Улданай Максутовна – филология ғылымдарының докторы, профессор, Ресей халықтар достығы университеті (Мәскеу, Ресей Федерациясы).
Ғылыми жетекшілер:
1. Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы – филология ғылымдарының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан);
2. Сулейменова Элеонора Дуйсеновна – филология ғылымдарының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан);
3. Maria Lekic – PhD, профессор (Вашингтон, АҚШ).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Айдан Ирғатоғлұ – PhD, қауымдастырылған профессор, Анкара Қажы Байрам Уәли университеті (Анкара қ., Түркия);
2. Мухамеджанова Гульмира Тастемировна – PhD докторы, доцент, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті (Петропавл қ., Қазақстан);
3. Амирбекова Айгул Байдебековна – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты (Алматы қ., Қазақстан).
Қорғау 2025 жылдың 30 маусымында сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы «6D021300, 8D02303 – Лингвистика; 6D021000, 8D02306 – Шетел филологиясы; 8D01705 – Шетел тілі: екі шетел тілі; 6D020700, 8D02302 – Аударма ісі; 8D02208 – Түркітану» мамандықтар тобы / білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесте аралас форматта өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/97011196654?pwd=leIvTaWai5QH8apmn3mtsnWaTgLxQ7.1
Идентификатор: 970 1119 6654
Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы
Басқа жаңалықтар


