Нурсапина Нүргүл АрманқызыFarabi University

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D05301 – Химия» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Нурсапина Нүргүл Арманқызының «Табиғи радионуклидтер тынайтқыштармен топыраққа және тамыр дақылдарына түсуі және олардың «топырақ-өсімдік» жүйесінде таралуы» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жалпы және бейорганикалық кафедрасында орындалды.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – ағылшын тілі.

Ресми рецензенттер:

  1. Краснопёрова Марина Владимировна – философия докторы (PhD), Ядролық физика институтының кешенді экологиялық зерттеулер орталығының төмен фонды өлшеулер зертханасының аға ғылыми қызметкері (Алматы қ., Қазақстан);
  2. Эдомская Мария Александровна – биология ғылымдарының кандидаты, «Курчатов институты» ұлттық зерттеу орталығының құрамындағы Радиология және агроэкология бойынша Бүкілресейлік ғылыми-зерттеу институтының радиохимия және аналитикалық химия зертханасының меңгерушісі (Обнинск қ., Ресей Федерациясы).

Ғылыми кеңесшілер:

  1. Матвеева Илона Валерьевна – PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Алматы қ., Қазақстан);
  2. Marko Štrok – PhD, Йозефа Стефан атындағы институттың радиохимия зертханасының меңгерушісі (Любляна қ., Словения).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1.  Dagmara Strumińska – философия докторы (PhD), Гданьск университетінің химия факультетінің қауымдастырылған профессоры (Гданьск қ., Польша);

2.  Fotini Noli – философия докторы (PhD), Салоники университетінің химия факультетінің қауымдастырылған профессоры (Салоники қ., Греция);

3.  Алексей Николаевич Кливенко – философия докторы (PhD), Шәкәрім университетінің радиоэкологиялық зерттеулер ғылыми орталығының жетекшісі (Семей қ., Қазақстан).

Қорғау 2025 жылдың 04 шілдесінде сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ D060600, 8D05301 – Химия, 6D73900, 8D07101 – Мұнайхимия, 6D072000, 8D07104 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, 8D07102 – Химиялық инженерия, 6D072100, 8D07105 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандықтар тобы/ білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта (офлайн және онлайн) түрде өтеді.

Zoom конференциясына қосылу: https://us02web.zoom.us/j/82984918635?pwd=dz0uYEy1pmP8BsWet6wwSE4cLQG8w8.1

Идентификатор: 829 8491 8635

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы