Молдабек Ескер БегалыұлыFarabi University

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D02209 – Шығыстану» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Молдабек Ескер Бегалыұлының «Өркениеттер сұхбаттастығы аясындағы әл-Фарабидің тарихи тұлғалық сипаты» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультеті Түркітану және Шығыс елдері тарихы кафедрасында орындалды.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – қазақ тілі.

 

Ресми рецензенттер:

1. Құсайынов Дәуренбек Өмірбекұлы – философия ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының профессоры. Мамандығы: – Дінтану, философиялық антропология және мәдениет философиясы (Алматы қ., Қазақстан).

2. Шылмамбетов Саян Тұрысбекұлы – PhD докторы, доцент м.а. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің, теология факультетінің философия кафедрасының аға оқытушысы. Мамандығы: Саясат және әлеуметтік ғылымдар. (Түркістан қ., Қазақстан)

Ғылыми жетекшілер:

1. Сулейменов Пірімбек Мұханбетұлы – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Әл-Фараби» ғылыми зерттеу орталығының директоры саяси.ғ.к., қауымдастырылған профессор (Алматы қ., Қазақстан);

2. Абдулла Кызылджык – PhD, Ыстамбұл университетінің профессоры (Ыстамбұл қ., Түркия).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Сатершінов Бақытжан Меңлібекұлы – философия ғылымдарының докторы (PhD), профессор, ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті, Философия, саясаттану және дінтану институты,  Дінтану орталығының бас ғылыми қызметкері (Алматы, Қазақстан).

2. Қабул Оралбай Құрманбайұлы – философия ғылымдарының докторы (PhD), Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, әлеуметтану кафедрасының аға оқытушысы (Астана қ., Қазақстан);

3. Арал Ахмет Ерман – PhD, Анкара Хаджи Байрам Вели университетінің доц.докторы (Анкара қ., Түркия).

Қорғау 2025 жылдың 4 шілдесінде сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D020900, 8D02209 – Шығыстану» мамандықтар тобы/ білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн және оффлайн) форматта келесі мекен-жай бойынша өтеді: 050012, Алматы қ., Қарасай батыр көшесі 95, Шығыстану факультеті.

Zoom конференциясына қосылу:

https://us02web.zoom.us/j/83922556917?pwd=ntb9oAGabICD2DRZCjAacNtDpgJEr5.1

Идентификатор конференции: 839 2255 6917

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы