
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «6D061100 – Физика және астрономия» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Нұрбақыт Гүлмираның «Жалпы салыстырмалық теориясында шағын объектілердің гравитациялық өрістері» тақырыбы бойынша диссертациялық жұмысы қорғалады.
Қорғау қазақ тілінде болады.
Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің теориялық және ядролық физика кафедрасында орындалған.
Рецензенттер:
Мырзақұл Шынарай Ратбайқызы – ф.-м.ғ.к., профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ., Қазақстан). Мамандығы «Физика».
Турсунов Арман Алтаевич– физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Макс Планк Радиоастрономия институты, (Бонн қ., Германия). Мамандығы «Теориялық физика және астрофизика».
Ғылыми кеңесшілері:
Бошкаев Куантай Авгазыевич – PhD, профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан).
Хорхе Армандо Руэда Хернандес – PhD, профессор, ICRANet-Ferrara, Ферерра университеті (Феррера қ., Италия).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Есімбек Жаркен – философия докторы (PhD), профессор, Жұлдыздардың түзілуі мен эволюциясын зерттеу тобының жетекшісі, Синьцзян астрономиялық обсерваториясы (Үрімжі қ., Қытай).
2. Шукиргалиев Бекдаулет Темирболатович – философия докторы (PhD), Назарбаев Университеті Жаратылыстану, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі, Физика департаментінің инструкторы (Астана қ., Қазақстан).
3. Шомшекова Сауле Ахметбековна – философия докторы (PhD), жетекші ғылыми қызметкер, “В. Г. Фесенков атындағы астрофизика институты” ЖСШ (Алматы қ., Қазақстан).
Қорғау 2025 жылдың 4 шілдеде сағат 16:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D060400 (8D05306) – Физика», «6D072300 (8D05303) – Техникалық физика», «6D061100 (8D05307) – Физика және астрономия», «6D071000 (8D07110) – Материалтану және жаңа материалдар жасау технологиясы», «6D071700 (8D07106) – Жылу энергетикасы», «8D07108 – Электр энергетикасы», «8D01501 – Физика», «6D073200 (8D07502) – Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)», «8D05309 – Ядролық медицина» мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде онлайн және офлайн аралас формат түрінде өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/82703017944?pwd=ojtZ1jMTa8p2Jj3uPmyK3m2LLTF7bF.1
Конференция идентификаторы: 827 0301 7944
Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы
Басқа жаңалықтар


