- Басты бет
- Қашықтықтан және онлайн оқыту
- 📍 Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университеті делегациясының Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға сапары
📍 Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университеті делегациясының Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға сапары

2-5 маусым аралығында ҚазҰУ Бердах атындағы ҚМУ (Қарақалпақстан Республикасы, Өзбекстан) делегациясын қабылдады 🤝
Бұл кездесулер, тәжірибелер мен идеялар алмасуға толы қарбалас күндер болды!
🔹 3 маусым күні қашықтықтан онлайн оқытуды дамытуға арналған жұмыс кеңесі өтті.
👥 Қатысқандар:
💼 ҚазҰУ-дан:
— Өміржанов Е.Т. – Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры.
— Мусинова А.А. – АМЖД директорының орынбасары.
— Круговых И.И. – Академиялық және цифрлық инновациялар кеңсесінің басшысы.
🎓 Бердақ атындағы КМУ-дан:
— Реймов Қаржау – проректор м.а., жаратылыстану факультетінің деканы.
— Каримов Амангелді – физиканы оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі.
— Құттымұратова Ырысты – қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі.
💡 Цифрлық білім беруді дамытып, оқу үдерісіне заманауи технологияларды қалай енгізу керектігін талқыладық.
Біз онлайн курстарды жазу студиясын және Open KazNU платформасын көрсеттік, әзірлемелеріміз бен идеяларымызбен бөлістік!
✨ Біз тәжірибе алмасуды, ынтымақтастықты кеңейтуді және білім берудің цифрлық болашағына бірге көшуді жалғастырамыз!
Басқа жаңалықтар

