Ресей ғалымының шеберлік сағатыFarabi University

2025 жылдың 16 маусымында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінің Мәдениетаралық коммуникация және әлем тілдері орталығында «Орыс тілі» Фондының «Ғылым мен қоғамның өзара әрекеттесуі: тіл, инновациялар және мәдениет» халықаралық жобасы аясында «Ұлы Новгород» мәтіні мысалында септік жалғауларын зерттеу» тақырыбында шеберлік сағаты өтті.

Түрікмен және қытайлық студенттерге (В деңгейі) арналған шеберлік сағатын филология ғылымдарының докторы, Ярослав Мудрый атындағы Новгород мемлекеттік университетінің профессоры Терешина Дарья Борисовна өткізді. Шеберлік сағатының ұйымдастырушылары – Алматы қаласының Ресей серіктестігі, сондай-ақ жобаның қатысушылары Исалиева С.Т. және Таттимбетова К.О. Студенттер лекция материалы бойынша викторинаға белсене қатысып, сыйлықтар мен жүлделерге ие болды. Мұндай кездесулер шетелдік студенттердің танымдық белсенділігін дамытады және олардың орыс тілін одан әрі үйренуге және сөйлеу дағдыларын жетілдіруге ынталандырады.

 

Орталық директоры Бегалиева С.Б.