- Басты бет
- Қашықтықтан және онлайн оқыту
- 📌 16 маусымда ҚазҰУ-дың Академиялық және цифрлық инновациялар кеңсесінің көмегімен арнайы кездесу өтті:
📌 16 маусымда ҚазҰУ-дың Академиялық және цифрлық инновациялар кеңсесінің көмегімен арнайы кездесу өтті:

📌 16 маусымда ҚазҰУ-дың Академиялық және цифрлық инновациялар кеңсесінің көмегімен арнайы кездесу өтті: «Культурология» онлайн курсының студенті, метамодернист суретші Гаухар Бисенғалиева (Арухан) курс авторы - философия ғылымдарының докторы Ажар Қуанышбекқызы Жолдубаевамен кездесті.
Open KazNU білім беру платформасында өткен курс суретшінің дүниетанымына қатты әсер етіп, автормен бетпе-бет кездесуге шабыттандырды. Басқарманың қолдауының арқасында кездесу ҚазҰУ-дың Философия және саясаттану кафедрасында факультет деканы Мейірбаев Бекжан Берікбайұлының қатысуымен өтті.
🗣 Біз философия, заманауи өнер, метамодернизм және ынтымақтастықтың ықтимал форматтарын талқыладық.
✨ Мұндай диалогтар цифрлық білім беру жай ғана білім беру емес, ғылым, өнер және тұлғалық трансформация арасындағы тірі көпір екенін растайды.
Басқа жаңалықтар

