ҚазҰУ-дың 29 білім беру бағдарламасы ACQUIN агенттігінде халықаралық аккредитациядан сәтті өтті! — ҚазҰУ

ҚазҰУ-дың 29 білім беру бағдарламасы ACQUIN агенттігінде халықаралық аккредитациядан сәтті өтті!

20 маусым 2025
ҚазҰУ-дың 29 білім беру бағдарламасы ACQUIN агенттігінде халықаралық аккредитациядан сәтті өтті!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану, ақпараттық технологиялар, физика-техникалық және механика-математика факультеттерінде жүзеге асырылатын 29 білім беру бағдарламасы Германияның беделді ACQUIN агенттігінде халықаралық аккредитациялау рәсімінен сәтті өтті.

Сарапшылар тобының бағалауы нәтижесінде бағдарламалар 6 және 7 жыл мерзімге аккредитация алды. Бұл оқу үдерісінің жоғары сапасын, халықаралық стандарттарға сәйкестігін және академиялық бағдарламалардың тұрақты дамуын айғақтайды.

Бұл маңызды жетістік ҚазҰУ-дың білім мен ғылым саласындағы көшбасшылық орнын және жаһандық білім беру кеңістігіне интеграциялануға деген ұмтылысын растайды.